Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 25 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,79 теңгеге көтеріліп, 544,87 теңге болды.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 76,06 теңгені (+0,49) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 544,1-546,7 теңге, еуро 638,5-643,5 теңге, рубль 6,75-6,87 теңге аралығында сатылуда.

25 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйектегі Brent фьючерстерінің құны 0,62%-ға өсіп, барреліне $69,61 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,65%-ға өсіп, барреліне 66,46 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 541,93 теңге, еуроны 636,71 теңге, рубльді 6,83 теңге деп белгіледі.