Сейсенбі, 2025 жылғы 29 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Анкараға сапары барысында мемлекет басшыларының Қазақстан-Түркия стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздері өтеді.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
24 сәуірде Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Мәрмәр теңізі мен Ыстамбұлдағы жер сілкінісіне байланысты қолдау жеделхатын жолдады.