"Қазгидромет" РМК мамандары Алматы мен Өскемен тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде.
"2025 жылғы 25 шілдеде Алматы мен Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген жұма күні "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМУ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.
2025 жылдың 25 шілдесінде Қазақстанда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейіп, шаңды дауыл соғып, тұман түседі. Сондай-ақ еліміздің бірқатар аймақтарында қатты аптап ыстық болады, ол +42°С-қа дейін жетеді.