Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағында болды.
Қырғызстанда Қазақстанмен шекара маңында жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі 25 шілдеде Астана уақытымен 02:40-та тіркелген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,3-ке тең болды.
ырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы келесідей болды:
- Массы қаласы, Қара-Бұлақ ауылы – шамамен 4 балл,
- Кочкор-Ата қаласы, Гелеген ауылы – 3,5 балл,
- Майлуу-Суу қаласы – 3 балл.
Еске салайық, 24 шілде таңертең Жетісу облысында Алакөл көліне жақын жерде жер сілкінісі болды.
Сондай-ақ, 23 шілдеде Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелген еді. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары 4 баллдық жерасты дүмпулерін сезді.