Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері Қазақстан аумағындағы бұлтты, ашық ауа күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Мәселен, Солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.
Сондай-ақ демалыс күндері республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Ауа температурасының жалпы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Шығыста және оңтүстік-шығыста 42°С-ақ дейін аптап ыстық сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз