Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Алматыда көшенің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Исинәлиев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, 21 шілде сағат 22:00-ден 22 шілде сағат 06:00-ге дейін Исинәлиев көшесіндегі №24 үйден бастап Жолбарыс көшесіне дейінгі бөлік жабылады.

“Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз”, — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз