Қарағанды облысында рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан екі адам суға кетіп, мерт болды. Құрбандардың бірі — кәмелетке толмаған бала, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы оқиға Бұқар-Жырау ауданында орын алды. Заречное ауылы маңындағы Сокур өзенінен 2009 жылы туған жасөспірімнің денесін ТЖД қызметкерлері судан алып шыққан.

Екінші жағдай Теміртауда болды. Техникалық арнадан 1969 жылы туған ер адамның денесі табылған.

Құтқарушылар қазақстандықтарға судағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді:

• Жүзуді білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;

• Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

• Мас күйде шомылмаңыз;

• Арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз;

• Жағадан алысқа ұзамаңыз;

• Қараңғы уақытта суға түсуге болмайды;

• Надувной матрац пен үрмелі шеңберге сеніп, суға шығуға болмайды;

• Құтқару жилетсіз немесе белдіксіз су көліктерінде болу қатаң тыйым салынады.