Иран билігі жыл басынан бері ел аумағынан 1,5 миллионнан астам ауған азаматын депортациялады.

Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді. Мәжбүрлі қоныс аудару Израильмен арадағы соңғы шиеленістен кейін күшейе түсті. Сарапшылар босқындар құқығының бұзылуы мүмкін екенін атап өтті. Олардың мәліметінше, депортацияланғандар азаптауға, қатыгез қарым-қатынасқа ұшырайды. БҰҰ өкілдері депортацияны дереу тоқтатуға шақырып жатыр. Олардың айтуынша, босқындарды қайтару процесі қауіпсіз әрі ерікті түрде жүзеге асуы тиіс.