Әзірге ел қоржынында 2 қола медаль бар.

Германияда өтіп жатқан әлемдік студенттер ойынында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл жетістікке көркем гимнастикадан сынға түскен Айбота Ертайқызы қол жеткізді.

Ол жекелей бағдарламадағы таспа жаттығуында үшінші орынды иеленіп, үздік үштікті түйіндеді. Турнирде Өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова топ жарып, алтын медальға қол жеткізсе, бейтарап мәртебедегі Алина Горносько күміс жүлдені еншіледі.

Сондай-ақ Дамир Шуленов Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалда қытайлық спортшыға есе жіберді.