Астанада "Абырой" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнара кран құлады. Оқыс оқиға 2025 жылдың 18 шілдесінде кешке болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Оқиға кезінде кабинаның ер адам болған. Ол оқиға орнында алған ауыр жарақаттары салдарынан қаза тапты. Істің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары қолға алынды" делінген полиция түсініктемесінде.
BI Group құрылыс компаниясының баспасөз қызметі төтенше жағдайға қатты жел түрткі екенін айтады. Марқұм мердігер ұйымның жұмысшысы болған. Оның отбасына көмек көрсетіледі:
"Кран техникалық жағынан жақсы сапада. Ауысым басталар алдында барлық қажетті тексерулерден өтті. Ол қатты желдің салдарынан аударылып қалды. Оқыс оқиға жұмыс аяқталар тұста болды".
Сондай-ақ, компания шұғыл қызметтерден дауылды ескерту қайғылы оқиға болғаннан кейін келіп түскенін нақтылайды.