Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 18 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,54 теңгеге қымбаттап, 533,61 теңге болды.
Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,81 теңге деңгейінде қалды.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 74,42 теңгені (+0,32) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 532,1-534,7 теңге, еуро 619-623,5 теңге, рубль 6,73-6,85 теңге аралығында сатылуда.
18 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйектегі Brent фьючерстерінің құны 0,29%-ға өсіп, барреліне 69,72 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,41%-ға өсіп, барреліне 67,82 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 532,74 теңге, еуроны 617,23 теңге, рубльді 6,77 теңге деп белгіледі.