Алматы тұрғындары мен қонақтарын алдағы күндері қатты аптап ыстық күтеді. Ескертуді "Қазгидромет" РМК синоптиктері мен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылдың 19 және 20 шілдесінде қалада ауа температурасы +38°С-қа дейін көтерілетіні белгілі.
19 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +36+38°C.
20 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +36+38°C.
21 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +34+36°C.
Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, дауылды ескерту негізінде 19 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі: желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Төтенше жағдайлар департаментінің қауіпсіздік бойынша ұсыныстары:
- Тауда демалу кезінде от жақпаңыз, жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыз;
- Бір желіге бірнеше электр құрылғыларын қосуға болмайды, электр желісін шамадан тыс жүктеу қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін;
- Балаларды тұрақта тұрған көліктің салонында қалдырмаңыз.
"Күн соғудан сақтану үшін жаяу жүруден бас тартуға шақырамыз". Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 19, 20 және 21 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.Мамандардың айтуынша, Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауады.