Семей қалалық полиция басқармасына 39 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызбен жүгінді.

Оның айтуынша, 2025 жылдың сәуір айында өзін "Дастан" деп таныстырған бейтаныс жігіт сенімге кіріп, алдау жолымен 300 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп кеткен.

Күдікті жүргізуші куәлігін жасап беруге көмектесемін деп уәде берген. Алайда ақша алған соң, байланысқа шықпай, уәдесін орындамаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 28 жастағы Семей қаласының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Ол кінәсін толық мойындады. Алайда жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын қайтарылған жоқ. Аталған дерек алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Полиция азаматтарға ресми құжаттарды рәсімдеуге қатысты күмәнді делдалдарға сенбеуге және ақша бермеуге кеңес береді. Барлық мемлекеттік қызметтер заңда белгіленген тәртіппен ғана көрсетіледі.