Еңбек министрлігінің 2025 жылғы 9 шілдедегі бұйрығымен маусымдық шетелдік жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған кәсіптер тізбесіне толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тізім келесі мамандықтармен толықтырылды:
- Ауылдық объектілерді салудағы біліктілігі жоқ жұмысшылар – құрылысшылар (білікті емес), жалпы жұмысшылар (құрылыс/жөндеу) (2025 жылғы 9 шілдеде қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды. – авт.).
- Құрылыс секторындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар – жалпы жұмысшылар (құрылыс/жөндеу).
- Көгалдандыру секторындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар (қар шығару, аумақты тазалау).
- Қызмет көрсету саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар (даяшылар, сатушылар).
Бұйрық бірінші тармақшаны қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.