Алматыда ит пен мысықты тегін чиптеу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2025 жылы 15 шілдеден желтоқсанға дейін Алматыда ит пен мысықты тегін чиптеу басталды. Қызмет қаланың барлық тұрғынына қолжетімді. Шамамен 15 мың жануарды чиптеу жоспарланған", — делінген әкімдік хабарламасында.

Жануарды қай жерде чиптеуге болады?

Ветеринарлық клиникалар (алдын ала жазылу WhatsApp арқылы):

  • Mastino: Есенберлин көшесі, 217 — +7 707 327 44 88
  • Allvet: Төле би көшесі, 279Б — +7 747 438 38 87
  • Taugul Vet Boutique: Таугүл-1 ш/а., 47-үй — +7 707 541 30 38
  • "Айболит": Абай даңғылы, 26 — +7 708 972 02 07
  • Dog Premium (Зимняя): Зимняя көшесі, 1Б — +7 707 277 56 19
  • Dog Premium (Грибоедов): Грибоедов көшесі, 105 — +7 707 339 33 28
  • Vet Elite: Күдерин көшесі, 6/2 — +7 778 241 89 82
  • Banzai: Сейдімбек көшесі, 26А — +7 707 327 01 01

Сонымен қатар ветеринар мамандар үй аралау барысында да чиптеу жүргізеді. Үй аралау қызметіне өтінішті мына +7 707 968 79 29 WhatsApp нөмірі арқылы қалдыруға болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз