Қазақстанның 17 өңірінде 2025 жылы 17 шілдеде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, түнде облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 17 шілдеде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда 17 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.18 шілдеде күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады деп болжанады.
18 шілдеде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 17 шілдеде күндіз 39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңерең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 17 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 17 шілдеде күндіз найзағай ойнайды, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде облыстың батысында, күндіз облыс бойынша найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда 17 шілдеде күндіз найзағай ойнап, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 17 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында 40 градус қатты ыстық болып, облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 17 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 18-19 шілдеде күндіз Абай облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 17 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп болжанады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. 19 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында 40 градус өте қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Қызылорда облысында 40-43 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 17 шілдеде күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 17 шілдеде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда 17-21 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.