49 жастағы ер адам Сығанақ көшесіндегі аллеяда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының нақыл сөздері жазылған плакатты жыртып тастаған.
Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында елордалық полиция вандализмнің алдын алуға және бөтен мүлікті қасақана бүлдіру фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударады.
Жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана бүлдіру бойынша 131 құқық бұзушылық тіркелген.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, мүлікті әдейі бүлдіруге бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді және азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарап, құқық бұзушылықтар туралы "102" арнасына дереу хабарлауға шақырады.