15 шілдеде Ақтөбеде парашютпен секіру жаттығулары кезінде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Диапазонға сілтеме жасап.

Басылым тілшілерінің хабарлауынша, оқиға орнына медицина қызметкерлері аттанған, алайда курсант олар келгенше көз жұмған.

Сондай-ақ басылым марқұмның Астанадан оқуға келгені туралы ақпарат бар екенін жазады. Курсант тамыз айында 19 жасқа толар еді.

16 шілдеде Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, курсант алған жарақатының салдарынан көз жұмғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, оның парашюті секіру кезінде ашылмаған.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Әуе қорғаныс күштері әскери институтының командасы көз жұмған курсанттың туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", — делінген әскери институт хабарламасында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз