24 мамырда Алматы мәслихатының депутаттары жаңа қала әкімін тағайындауға келісім беру үшін жиналады. Бұл туралы хабарлама Алматы қаласы мәслихатының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен бекітілген облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы қаласын 2022 жылғы 31 қаңтардан бері Ерболат Досаев басқарып келеді.