Сонымен қатар полиция қызметкерлерінен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кешірім сұратуды да талап еткен .
Ақмола облыстық соты бірнеше жыл бойы заңсыз қамауда және үйқамақта отырған кәсіпкердің өтемақы талаптарын ішінара қанағаттандырды. Сот шешімі бойынша мемлекет өтініш берушіге барлығы 39,8 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, шағымданушы – жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) басшысы және шаруа қожалығының иесі. Ол заңсыз тергеу салдарынан материалдық шығынға ұшырап, табысынан айырылғанын, сондай-ақ моральдық зиян шеккенін алға тартқан. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кешірім сұратуды да талап еткен.
Айыптаушы тарап – ҚР Қаржы министрлігі мен өңірлік полиция департаменті.
Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылдың қазан айында азаматқа ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, мүлік ұрлады деген айып тағылған. 2020 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың шілдесіне дейін ол қамауда және үйқамақта болған. Алайда кейіннен қылмыс құрамы болмағандықтан іс жабылған.
Оқи отырыңыз: "Экономикалық емес, саяси месседж": Дональд Трамптың Қазақстанға қатысты тариф саясатының астарында не жатыр
Заңсыз қудалау салдарынан шағымданушы өз кәсібін жүргізе алмағанын айтып отыр. Нәтижесінде, оның ЖШС-сы 2021 жылы банкрот деп танылып, 2023 жылы жер пайдалану құқығынан да айырылған.
Сот азаматтың талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Сот шешімімен:
- Адвокат қызметіне кеткен шығын ретінде – 14 млн теңге,
- Жоғалған табысы үшін – 16,8 млн теңге,
- Моральдық зиянның өтемі ретінде – 9 млн теңге өндіріп берілді.