Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2 пайызға өскен, деп хабарлайды үкіметтің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан экономикасы осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 6,2 пайызға жетіп, оң өсімді көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қарқын алғашқы бес айға қарағанда 0,2 пайызға жоғары және соңғы 14 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші болып саналады. Салыстыру үшін, өткен жылдың ұқсас кезеңінде өсім 3,2 пайызды құраған.

Экономиканың нақты секторында 8 пайыз өсім байқалған оның ішінде қызмет көрсету саласында оң нәтиже байқалған ол 5,2 пайызға өскен. Көлік (+22,7 пайыз) және құрылыс (+18,4 пайыз) салалары айтарлықтай үлес қосқан.

Сондай-ақ саудада жандану және тау-кен өнеркәсібінде тұрақты өсу байқалады (+8,4 пайыз). Өңдеу секторында 5,5 пайыз, ал ауыл шаруашылығында 3,7 пайыз өсім байқалған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз