Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
14 шілде сағат 22:00-ден 15 шілдеде сағат 06:00-ге дейін "Тілек Тас" мейрамхана кешенінен Набережная көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.
Жөндеу жүріп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметі көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты, маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.