Белгілі продюсер Бағым Мұхитденова журналист Аман Тасығанға сұқбат беріп, онда 12 жыл бұрын ән байқауында Димаш Құдайбергенге айтқан сыны туралы пікір білдірді. Ол сөзінен бас тартпайтынын және өзінікі дұрыс екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"12 жыл өтті және қазір тіпті күлкім келеді. Бұл жерде контекстен жұлынып алынған. Бір "мейірімді" жан дәл сол тұсты контекстен қиып алып, таратып жіберген. Мен оған "жоғары нотада ән айтпа" деп жатқандай әсер қалдырды. Бірақ дәл осы әнде мұны істеудің қажеті жоқ деп жатқаным ешкімнің ойына кіріп шықпады. Әнді кейде асыра сілтеп айтпау керек. Менің ойымша таңдалған ән "орташа" болды. Мен үшін ол ән хит емес еді, ол хитқа айналып та кетпеді. Өз сөзімнен мүлдем бас тартпаймын. Маған "кешірім сұрауың керек" деп жатады. Не үшін кешірім сұрауым керек?!

Түсінбеймін және ешқашан түсінбей кететін шығармын. Бұл хирургке барып: "сіздің аппендицитіңізді алып тастайын, қалай дұрыс екенін көрсетейін" дегенмен тең. Яғни, ол ән байқауы еді. Мәселен, "Евровидение" — ән байқауы. Онда солистер ән айтуы керек. Яғни, ән жеңіске жетеді, оны орындаушы емес. Мұнда да тура сондай. Әңгіме ән жайында еді. Менің ойымша, әннің деңгейі "орташа" болды. Бұл әнді айтқанда кей "нәрселерді" жасамау керек еді. Меніңше, бұл талғамсыз болды. Ол жаман әнші деп жатқан жоқпын. Ол әлемдік деңгейдегі әнші. Оның дауысы — ғажайып. Ол керемет дарын. Бұл тіпті талқыланбайтын дүние. Кереметтей әнші. Мәселен, оның таңдаған әнінде. Егер ол дұрыс әнді таңдаса, онда ол әнді барлық жерде айтылар еді. Бірақ олай болған жоқ. Менің пікірім дұрыс болды", — деді ол.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз