Бүгін, 2025 жылғы 11 шілдеде Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі ең әдемі құстар – қоқиқаздар туралы қызықты ақпаратпен бөлісті. Мамандар бұл құстарға неге айна қажет екенін де түсіндіре кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хайуанаттар бағының баспасөз қызметі қызыл қоқиқаздың ашық түсті қауырсынын байқамай қалу мүмкін емес екенін, ал бұл сұлулықтың артында көптеген қызықты ерекшеліктер жатқанын нақтылайды.
Атап айтқанда, олар:
- қоқиқаз өзінің қанық түсін табиғаттан емес, қоректен алады. Каротиноидтарға бай азық олардың қауырсынын қызғылттан қанық қызылға дейінгі реңктерге бояйды.
- олар бір аяғымен ұзақ тұра алады, бұл оларға демалып, дене жылуын сақтауға көмектеседі.
- қоқиқаздардың тамақтану әдісі де ерекше, олар басын төмен қаратып, тұмсығы арқылы суды сүзіп, қорегін бөледі.
- олар бір уақытта қозғалып, түрлі дыбыстар шығарады. Қоқиқаздардың репертуарында шамамен 10 түрлі қауіп сигналдары бар!
- бұл өте әлеуметтік құстар, үлкен топпен өмір сүреді. Тобы неғұрлым үлкен болса, өздерін соғұрлым қауіпсіз сезінеді.
"Сол себепті біз олардың вольеріне айна орнаттық". Алматы қалалық хайуанаттар бағының баспасөз қызметі
Публикация от Алматы хайуанаттар бағы / Алматинский зоопарк (@almatyzoo)
Бұған дейін Алматы хайуанаттар бағындағы "лас тоғандарға" қатысты мамандар мәлімдеме жасаған болатын.