ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы Бексұлтан Мейірбеков 2025 жылғы 11 шілдеде ауылдық жерлердегі табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өсетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жалақыны көтеру орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері жөніндегі заң аясында қарастырылғанын жеткізді. Аталған құжатқа 26 маусымда Президент қол қойды

"Бізде жалақыға 25% үстемеақыны қамтамасыз ету арқылы ауылдық жерлерде орман саласының қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік тұрғыда қорғауды күшейту көзделген. Сондай-ақ орман күзеті инспекторларын сақтандыру жағы да қарастырылып отыр. Соңғы қайғылы оқиғалар бізге жақсы сабақ болды, сондықтан депутаттық бастама бойынша оларды мемлекет есебінен сақтандыру полюстерімен қамтамасыз ету жайы қарастырылды", – деді Бексұлтан Мейірбеков.

Абай облысында 2023 жылы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында 14 адамның өмірін қиған орман өрті болған еді.