Қазақстанның үздік қаржы институттарының бірі «Alatau City Bank» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк, 16.06.2025 жылға дейін «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамы) бизнесмен Вячеслав Кимнің Банктің 100 % акцияларын бұрынғы меншік иесі Ғалымжан Есеновтен сатып алу мәмілесін аяқтағаны туралы мәлімдейді.
Ким мырза Қазақстандағы ең табысты кәсіпкерлердің бірі ретінде танымал және «Kaspi.kz» негізін қалаушыларының бірі және Директорлар кеңесінің басшысы, банк және қаржы салаларындағы жиырма жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие.
Мәміле бойынша Ғалымжан Есенов келесіні атап өтті: «2023 жылдың ортасынан бастап «Jusan Bank»-ті өз бақылауыма алдым: командамыз қаржы институты қызметінінің тиімділігін арттыру, көптеген бизнес-үдерістерді жақсарту, өнім желісін жаңғырту және активтердің сапасын арттыру жолында табысты жұмыс атқарды. Сол кезеңде біз күшімізді Банктің тұрақты өсуіне және технологиялық тұрғыдан ілгері басуына жұмсадық. Ким мырзаның келуімен «Alatau City Bank»-тің бұл жағымды өзгерістерді әрі қарай дамытып, Қазақстандағы жетекші банктердің бірі ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтатынына күмәнім жоқ».
Вячеслав Ким, өз кезегінде, Банктің сатып алынуын келесідей атап өтті: «Alatau City Bank»-ті сатып алу мен үшін аса маңызды, мен оның негізінде Қазақстан нарығы үшін жаңа қаржы институтын құруды жоспарлаймын. Банк менеджментіне соңғы екі жылда атқарылған жұмыс үшін үлкен алғысымды білдіремін. Ең үздік жұмыс нәтижелерін сақтап, жылдамдатылған технологиялық дамуға ерекше көңіл бөлсек, табысқа қол жеткіземіз деп сенемін».
Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов: «Alatau City Bank»-тің танымал кәсіпкер Вячеслав Кимнің тарапынан сатып алынуы қаржы институтымыз үшін жаңа маңызды кезеңнің басталуын белгілейді. Соңғы жылдары Банк берік негізгі көрсеткіштер мен клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейін сақтай отырып, айтарлықтай өсімді көрсетті. Ким мырзаның тәжірибесі мен кең мүмкіндіктерінің арқасында Банк бұл табысты күшейтіп, саламыздағы көшбасшылық орындарын нығайта алады».
«Alatau City Bank» туралы:
«Alatau City Bank» – Қазақстандағы ең үздік банктердің бірі: активтердің көлемі тұрғысынан елдің топ-6 банктеріне кіреді, ал меншікті капиталдың көлемі бойынша 3-орынға ие.