Қылмыстық топ басшысы А. Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласы экстрадицияланды.
Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.
Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.