Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг – үндістандық Криш Тьяджимен кездесті.
Бірінші партияны қазақстандық-ресейлік дуэт брейкпен аяқтады – 6:4. Олар екінші сетте де 4:2 есебімен алға шыққанымен, оңтүстікамерикалық-үндістандық жұп таразы басын теңестірді. Тай-брейкте Әмір мен Егор жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).Өткен жылы Амир Ролан Гаррос турнирінде ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге жартылай финалда өнер көрсеткен еді.
Омарханов – Қазақстан теннисі тарихында жасөспірімдер арасында осындай табысқа жеткен үшінші спортшы. 1997 жылы Ирина Селютина зимбабвелік Кара Блэкпен бірге Франция ашық чемпионаты мен Уимблдонда үздік шыққан еді. Сондай-ақ Әмина Рахым 2005 жылы Ролан Гарростың финалына, АҚШ чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Бір жылдан кейін Аустралия біріншілігінің жартылай финалында ойнады.