2025 жылдың 11 шілдесі мен 13 шілдесі аралығында Астанада жаңбыр жауады. Алматыда жауын-шашын екі күн ғана болады деп болжануда. Шымкентте күн әдеттегідей ашық болады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.

Астана

  • 11 шілде: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел секундына 14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус жылы.
  • 12 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 22-24 градус жылы.
  • 13 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 20-22 градус жылы.

Алматы

  • 11 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні – секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы.
  • 12 шілде: құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 29-31 градус жылы.
  • 13 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.

Шымкент

  • 11 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 градус жылы.
  • 12 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 34-36 градус жылы.
  • 13 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар қазақстандықтарға 2025 жылдың 10, 11 және 12 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.Мамандардың болжамынша, батыста өте қатты ыстық күтіледі.