2025 жылдың 9 шілдесінде Астана сотында Перизат Қайраттың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Одан кейін қайырымдылық қорының бұрынғы басшысы тергеу изоляторы қызметкерлерінің қолынан соққыға жыққаны туралы жылап айтып берді. Бүгін, 10 шілдеде полицейлер бұл шулы мәлімдемелерге жауап берді,

Осылайша, Астана полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбаларды ұсынды.

"9 маусым күні тергеудегі П.Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген." Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ аталған арыз бойынша жиналған материалдар Астана қалалық полиция департаментіне жіберіліп, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Тергеушілер мекеменің үздіксіз бейнебақылау камераларының бейнежазбаларын зерттеп, қызметкерлер мен куәгерлерден жауап алды.

"Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша П.Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған П.Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр."

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды.