9 шілдеге қараған түні Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол-көлік апатына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты Байсерке-Төңкеріс тас жолында болған белгілі. Өңір полициясы аталған оқиғаға қатысты тергеу шаралары қолға алынғанын мәлімдеді. Өзге мән-жайлар ашып айтылмайды.
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Масабаевтың жағдайына қатысты түсініктеме берді:
"Науқастың жол апатынан кейінгі жағдайы тұрақты деп бағаланады, есін біледі. Медициналық ем-дом шаралары Алматы облысы бойынша бекітілген хаттамалар аясында жүргізілуде".
Бұған дейін Балқаш маңындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапқаны хабарланған.