Биыл өңірде жалпы аумағы 91 мың гектар, құны 800 млн теңгені құрайтын 87 жер учаскесі қайтарылды.
Маңғыстау облысының прокуратурасымен жер заңнамасының сақталуына тұрақты жүргізіліп келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аймақта жер учаскелерін заңсыз беру және мақсатты пайдаланбау фактілері анықталған. Мысалы, қалалық әкімдікпен "И" ЖШС-не игерілмеген жер учаскесіне теңіз жағалауынан қосымша 0,5 гектар жер бөлінген. Сот шешімімен бұл жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұдан өзге Ақтау қаласы аумағында мемлекет меншігіндегі 9 жер учаскесін өз бетінше иелену фактілері анықталып 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ, мүлдемигерілмеген 83 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны айылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына сәйкес келмеген, яғни жер учаскелерінің іс жүзінде пайдаланылмағанын көрсетті.