Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 8 шілдеде облыс әкімдігінің Instagram желісінен мәлім болды.
"Президент Әкімшілігінің келісіміне және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (әлеуметтік жұмыс бойынша) болып тағайындалды",- делінген ақпаратта.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жамбыл облысының әкімдігі (@zhambyl.gov.kz)
Айжан Серікбайқызы 1972 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін "Санитария, гигиена және эпидемиология", 2005 жылы "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін "Қоғамдық денсаулық сақтау" және 2008 жылы Almaty Management University-ін "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасының фельдшер-зертханашысы болып бастаған.
Әр жылдары Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станциясының эпидемиолог-дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінде жетекші маман, бас маман, сарапшы, басқарма басшы қызметтерін атқарды.
Сонымен бірге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары, дәрігері, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөлім басшысы болып еңбек етті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменттерінің директоры, сондай-ақ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болды.
2024 жылғы шілде айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.
Айжан Есмағамбетова 2024 жылғы 10 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды.