6 шілде күні "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе Instagram парақшасында клубтық әлем чемпионатының ширек финалындағы "Боруссияға" қарсы матчтан бірнеше фото жариялап, жазылушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші суретте оның гол соққан сәті бейнеленген, дегенмен онда артқы фондағы көрермендердің шынайы емес екені байқалады. Жазылушылар бұл жайтты назардан тыс қалдырмады. Instagram желісінде пікір қалдырушылар бұл фото трибуналарды толы қылып көрсету үшін жасанды интеллект көмегімен өңделген болуы мүмкін деп болжауда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kylian Mbappé (@k.mbappe)

"Өздерін тарихтағы ең үздік команда санайды, бірақ бірде-бір стадионды толтыра алмайды. Сол кезде көмекке жасанды интеллект келеді", – деп жазды қолданушылардың бірі.

Сенбі күні "Реал" клубтық әлем чемпионатының ширек финалында "Боруссияны" 3:2 есебімен жеңді. Ойын АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында өтті. Мбаппе жеңіс голын 90+4 – минутта "қайшылап секіру" тәсілімен соқты.

Клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында "Реал" 9 шілде күні ПСЖ командасымен кездеседі. Айта кетейік, биылғы турнир АҚШ-та өтіп жатыр және 13 шілдеде аяқталады.