Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну жөнінде өтініш жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күтпеген мәлімдеме 8 шілдеде Вашингтонда өткен екіжақты кездесуде жарияланды. Mail Online басылымының жазуынша, ол онда АҚШ президентімен Газа секторындағы атысты тоқтату мәселесін талқылау үшін барған.

"Құрметті президент мырза, мен сізге Нобель сыйлығы комитетіне жолдаған хатымды табыстағым келеді. Олар сізді бейбітшілік сыйлығына ұсынды. Бұл марапатқа сіз лайықсыз және оны алуыңыз керек", – деді Нетаньяху.

Израиль премьерінің айтуынша, бұл бастама Дональд Трамптың халықаралық аренада бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесін мойындау мақсатында жасалған.

Бұған дейін Илон Маск өзінің "Америка" атты партиясын құрғандығын жазғанбыз.