Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен үкіметте өткен жиында бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралған.
Жиын барысында коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылғаны белгілі болды.
"Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1 пайыз). Осыған байланысты үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады.
Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді", — делінген хабарламада.