Америкалық миллиардер және кәсіпкер Илон Маск АҚШ-та 2028 жылы өтетін президент сайлауында өзінің "Америка" атты партиясы қандай да бір үміткерді қолдауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Президенттікке үміткерді қолдау жоққа шығарылмайды", – деп атап өтті ол өз жазбасында.
Сондай-ақ миллиардер бұл жаңадан құрылған саяси партия үшін қазіргі таңда басты мақсат емес екенін айтты. Масктың пікірінше, алдағы 12 айда негізгі назарды Өкілдер палатасы мен АҚШ Сенатына өтетін сайлауға аудару қажет.
Жаңа саяси партияның құрылғаны туралы Илон Маск 2025 жылдың 5 шілдесінде мәлімдеген болатын. Ал келесі күні АҚШ-тың Федералды сайлау комиссиясының (FEC) тізілімінде кәсіпкердің партияны тіркеуге берген өтініші жарияланды.
Бұған дейін Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірімнің тұтқындалғанын жазған болатынбыз.