"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның жылжымалы құрам паркі 30 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Олар Петропавл қаласындағы отандық зауытта өндірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заманауи вагондармен жабдықталған алғашқы пойыз бүгін, 2025 жылғы 7 шілдеде №7/8 "Алматы-2 – Саратов" бағыты бойынша жолға шықты.
"Мемлекет басшысы өз Жолдауында жолаушылар вагондарын жаңартуды көлік инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Осы тапсырманы орындау аясында компаниямыз жылжымалы құрамды жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бүгін іске қосылған "Алматы – Саратов" бағытына арналған жаңа вагондар өңіраралық қатынастарды дамытуда маңызды қадам болады", – деп атап өтті, "Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.
Жаңа құрамда әр пойызда 10 вагон бар, оның ішінде 5 купелік және 5 плацкарт вагон. Бір бағытта 400-ден астам жолаушы тасымалданады.
Пойыз жұп күндері қатынайды:
- Алматы станциясынан сағат 20:00-де шығып, Саратов қаласына бір күннен кейін (Ресей уақытымен), сағат 10:10-да жетеді.
- Кері бағытта Саратовтан сағат 14:55-те шығып, бір күннен кейін Алматыға (Қазақстан уақытымен) сағат 06:54-те келеді.
Жаңа вагондар халықаралық стандарттарға сайжобаланған. Әр купеде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарық шамдары, бас тірегіштер, гаджеттерін қуаттауға арналған USB порттары және электр розеткалары бар.
Соңғы екі жылда "Жолаушылар тасымалы" АҚ отандық өндіруші "ЗИКСТО" ЖШС-дан 318 жолаушылар вагонын сатып алды, олардың 241-і пайдалануға берілді. Соның ішінде 30 вагон Ұлттық тасымалдаушы тарапынан № 7/8 "Алматы-2 – Саратов" бағытына шығарылды. Жаңа вагондар "Ақтөбе – Атырау", "Павлодар – Түркістан", "Қызылорда – Семей", "Алматы – Павлодар" бағыттарында да жүріп жатыр.
Бұдан бөлек, 2025–2027 жылдары "ЗИКСТО" ЖШС-нің 350 вагоны кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланған. Алғашқы 100 вагон биыл жеткізіледі.
Бұған дейін үш жасөспірімнің Шымбұлақ шыңындағы жартаста қалып қойғандығы хабарланған болатын.