Елордада World Boxing ұйымының аясында өткен топ-турнирдің үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, үшінші кезеңге тек әйелдер құрамасын жіберген Өзбекстан бір алтын мен төрт қола медальді қанжығасына байлады.
Өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша Өзбекстанның еншісінде 12 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль бар.
Қазақстан болса, әзірге 11 алтын, 4 күміс және 6 қола медальмен шектелген.
Бұған дейін қазақстандық ауыр атлеттің Астанада өткен Азия чемпионатында сенсация жасағаны хабарланған болатын.