Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалын тамашалауға барды. Ақорданың баспасөз қызметі кадрларды бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалап отыр.

World Boxing Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

Бұған дейін Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында финалға қанша елдің боксшылары шыққанын жазған едік. Финалға қазақстандық 12 боксшы жолдама алды.