Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Еуропа чемпионатының жүлдегері болгариялық Ясен Радевпен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Махмұд Сабырхан жеңіске жетті.

Осылайша, Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта Әлем кубогының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.