Алматыда №64 бағытқа қатынайтын жолаушылар автобусы жүріп бара жатқанда отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кезінде салон ішінде жолаушылар болмаған.

Оқиға сағат 11: 19 шамасында Бостандық ауданында Жәңгір хан көшесінде болған:

"2017 жылы зауыттан шыққан Isuzu маркалы автобусы өртенді. Өрт тоғыз шаршы метр аумақта 11 минуттан кейін жойылды".

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетсек, бүгін таңертең Павлодарда алапат өрт болды.