АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында үстел теннисінен United States Smash атты ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық Кирилл Герасименко жарысты Бельгия өкілі Мартин Аллегроға қарсы матчтан бастады.

Кездесу 3:1 есебімен Герасименконың пайдасына аяқталды.

Екінші айналымда қазақстандық спортшы Хо Кван Кит (Гонконг) пен Маркос Мадрид (Мексика) арасындағы кездесудің жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.