"Азаматтарға арналған үкімет" Астана күніне орай Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалай жұмыс істейтінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, 7 шілде, дүйсенбі күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
"Бұл ретте, сенбі, 5 шілде – кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады", — делінген хабарламада.
8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады