Алматы қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған екі мотоцикл жүргізушісін ұстады.

Оқиға кеше Шығыс айналма автожолында болды. Жүргізушілердің қауіпсіздік талаптарына қайшы келетін күрт маневрлері патруль қызметкерлерінің назарын аудартқан.

Тексеру және визуалды бақылау барысында келесі заң бұзушылықтар анықталды:

  • мотоциклдердің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері болмаған;
  • көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын басқарған;
  • көлік құралдары техникалық байқаудан өтпеген;
  • маневр жасау ережелері бұзылған;
  • сақтандыру полисі болмаған;
  • жүргізуші куәлігі болмаған;
  • көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан көлікті басқарған.

Қуғыннан кейін екі мотоциклші де тоқтатылып, ұсталды. Анықталған әрбір құқық бұзушылық бойынша мотоцикл жүргізушілеріне хаттама толтырылды.

Көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

"Мотокөлік иелерінің кейбіреуі әдейі қауіпсіздік нормалары мен Заң талаптарын елемей, полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбайтын алаңдатарлық үрдісті байқап отырмыз. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және қатаң түрде тоқтатылады. Алматы полициясы мотокөліктерге бақылауды күшейтті: рейдтер күн сайын жүргізілуде. Барлық жүргізушіні жолдағы қауіпсіздік — ойын емес екенін есте ұстауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар өмірге қауіп төндіруі мүмкін", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.