Қостанай облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын ұрлық үшін сотталған Ақтөбе облысының 31 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде түнде пластик есікті бұзып, дүкенге кірген. Сейфтен 2 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша мен жалпы құны шамамен 3 миллион теңге болатын тауарды (темекі, алкоголь өнімдері мен қырынуға арналған станоктар) ұрлаған. Келтірілген жалпы залал 5 миллион теңгеден асты.

Күдікті өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Жүргізілген тінту барысында заттай дәлелдемелердің бір бөлігі тәркіленді. Сонымен қатар күдікті қылмыс жасаған кезде және ұрланған мүлікті тасымалдау үшін пайдаланған Lada Priora көлігі де тәркіленді.

Ұсталған азамат Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылып, Қостанайдағы тергеу изоляторына қамалды.