"Ливерпуль" футбол клубының және Португалия құрамасының жұлдызы Диогу Жота жол апатынан қайтыс болды.
Marca басылымның жазуынша, жол апаты Испанияның солтүстік-батысындағы Самора провинциясында болған.
Daily Mail-дың жазуынша, жол апаты салдарынан 28 жастағы футболшының ағасы Андре де қаза тапқан.
Алдын ала мәлімет бойынша жоғары жылдамдықпен жүйіткіген Lamborghini көлігінің дөңгелегі жарылған. Салдарынан жолдан шығып кетіп, аударылып, өртке оранған.
Айта кетейік, Диогу Жота "Ливерпуль" сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда футболшы 37 матчқа қатысып, тоғыз гол соғып, төрт нәтижелі пас беріп, клубпен бірге Англия чемпионы атанды. Ал Португалия құрамасының сапында ол 49 матч өткізіп, 14 гол соққан.
10 шақты күн бұрын Жота сүйіктісі Руте Кардозға үйленген еді. Олардың үш баласы бар.