Үкіметтің 2025 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, министрлікке жаңа функциялар қосылды:
- көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;
- әкімшілік органдардың байланыс-орталықтарының жеке және заңды тұлғаларды хабардар ету және олардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
Қаулы 2025 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.