СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы болып Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
СҚ-Фармация" ЖШС-не тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
Нұрлыбек Асылбеков 1966 жылы 24 маусымда дүниеге келген. 1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент қаласындағы филиалын; 2003 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын; 2006 жылы — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтын бітірген. "Провизор", "Заңгер", "Экономист" мамандықтары бойынша.
Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының "Фармация" АҚ-да провизор-технолог және бас маман болып бастаған.
2002 жылдан 2020 жылға дейін — ҚР ДСМ Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы және Астана қаласы бойынша басқармалары мен департаменттерін басқарды.
2007 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
Содан кейін әр жылдары Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде, Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінде төрағаның орынбасары лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы бас директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
СҚ-Фармация" дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьюторды құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 11 ақпанда қабылдады. Компанияға тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу бойынша бірыңғай оператор функциялары жүктелді.