Елімізде жасөспірімдердің 40%-ы энергетикалық сусындарға тәуелді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жүргізген соңғы зерттеулердің нәтижесі осындай. Оқу-ағарту министрлігі де балаларға сатуға тыйым салынса да, саудасы қызып тұрғанын айтып , кәсіпкерлерге үндеу жасады. «Энергетикалық сусын сатып алуға келген адамның жасын растайтын құжатты тексеріңіздер. Сөрелерде тек зияны жоқ екені дәлелденген өнімдер тұруы тиіс» делінген министрліктің хабарламасында. Еске салсақ, 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға заң жүзінде тыйым салынды. Бұған көнбейтін кәсіпкерлер әуелде 55 мың, қайталанса 2 есе «айып» төлейді.

Жәнел Өтеулі